Ақтөбеліктер Түйетөбе басында қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Бұл солақай саясаттың кесірінен түрлі жала жабылып, жазықсыз атылғандардың жерленген жері.
Түйетөбе 1990 жылдары кездейсоқ анықталды. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде алғашқыда 127 адамның сүйегі табылды. Дегенмен, төбе айналасында әлі де жүздеген құрбан жатуы мүмкін, дейді тарихшылар. Жалпы 1936-1937 жылғы саяси репрессия кезінде Ақтөбе облысында 8 мыңға жуық адам тұтқындалып, оның 2000-нан астамы ату жазасына кесілді. Арасында ұжымдастыру кезінде зорлық-зомбылыққа қарсы шығып, облыс аумағына жер аударған түрлі ұлт өкілі де бар. Бүгін мұнда келген ақтөбеліктер сол қиын кезеңнің халыққа әкелген орасан зардабы туралы айтып, қаза болғандар рухына құран бағыштады.
Фариза Қонақова, қала тұрғыны:
- Атамызды 1937 жылы "Халық жауы", "жапондардың тыңшысы" деген желеумен алып кеткен. Ол кісі атақты молда, жырау болған. Құрбан болғандарды ақтаған жылы Мұғалжар ауданының дін алыбы деген атақпенен ақтап шыққан. Бұның барлығы саясаттың салдары ғой енді.
Асылбек Мәден, тарих ғылымдарының кандидаты:
- Ойыл ауданында, Ырғыз ауданында, Қарғалы ауданында депортациямен келген халықтар сондай аудандар бойынша бөлініп түсірілді сол жерге аш-жалаңаш. Түрлі індеттен өлген адамдар бауырластар зираттары бар. Сондай анықталып жатыр қазір.