Президент Қатар Әмірін қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Астана әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін мемлекет басшылары екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.