Түркістанда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы басталды
Түркістанда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы басталды.
Шара екі күнге жалғасады. Құрылтай жұмысы бірнеше тақырыптық секцияға бөлінген. Бүгін "Білім және ғылым", "Мәдениет. Өнер. Руханият" және "Қоғамдық консолидация" жайлы талқылау болады. Қатысушыларға еш кедергісіз ой білдіруге мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар азаматтар да кез келген уақытта Егов порталындағы “Құрылтай” қосымшасы арқылы өз пікірін білдіре алады.
Аида Балаева, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары:
- Елді толғандырған мәселелердің ауқымы да бағыты да алуан. Жалпы құрылтай барысында болсын, онлайн арналар арқылы болсын айтылған әрбір ой, пікір ескеріледі. Барлық мәселе мұқият зерделеніп, Мемлекет басшысының назарына ұсынылады.