Парламенттің бірлескен отырысы басталды. LIVE
Дәл қазір Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.
Мәжіліс пен Сенат отырысын шақыру туралы тиісті өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойған болатын.
Руслан Бақытбекұлы, тілші:
- Жиын қазір ғана басталды. Қатысушылар орындарына жайғасып, қаулыға енгізілген маңызды мәселелерді қарай бастады.
Бұл отырысқа Президент Әкімшілігі, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, Үкімет, Конституциялық Сот, Жоғары аудиторлық палата, Орталық сайлау комиссиясы, Ұлттық холдингтердің өкілдері шақыртылған.
Күн тәртібіне 4 мәселе енгізіліп отыр. Ол:
- ҚР Конституциялық Сотының «ҚР-дағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы жөнінде.
- ҚР Үкіметінің және ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде.
- ҚР орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі Парламенттік комиссия туралы.
- «Прокуратура туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Конституциялық заң жобасының бірінші оқылымы.