Қ. Тоқаев Ю. Пяны қабылдады
Мемлекет басшысы University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Президентке қор қызметінің нәтижесі мен алдағы жоспары баяндалды. Осыдан соң алғашқы интеграцияланған академиялық медициналық орталық құру арқылы UMC-ді трансформациялау барысы туралы мәлімет берілді. Негізгі мақсат – білім беру, зерттеу ісін және клиникалық тәжірибені тоғыстыра отырып, медициналық қызмет сапасын жақсарту. Кездесу барысында отандық денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелер, оның ішінде қолданыстағы инфрақұрылымды тиімді пайдалану және Қазақстанда медициналық көмек көрсету сапасын арттыру жайы талқыланды.