Тауар тасымалын цифрландыруды жеделдету керек
Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік пен бауырластық қарым-қатынас аясында реттеу қажет.
Мемлекет басшысы Үкіметке осыны тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев тауарларды заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды жеделдету керектігін атап өтті. Яғни қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру маңызды.