Қ. Тоқаев Ұлттық банк басшылығымен кеңес өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығына жаңа төраға Тимур Сүлейменовті таныстырды.
Президент жаңадан тағайындалған басшының қаржы-экономикалық бағытта мол тәжірибесі бар екенін, қаржы реттеушісінің қызметін жетік білетінін және 4 жылдан астам уақыт Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық блогын басқарғанын атап өтті. Мемлекет басшысы атқарған жұмысы үшін Ғалымжан Пірматовқа алғыс айтып, қабылданған шаралар нәтижесінде макроэкономикалық-қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілгенін айтты. Президент Ұлттық банкке инфляцияны төмендету, қаржы технологиялары мен инновацияны дамыту және келер жылы ұлттық төлем жүйесін толыққанды іске қосу жөнінде маңызды міндеттер жүктелгенін хабарлады.