О. Бектенов Ақтөбе өңірінің жаңа әкімін таныстырды

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысының жаңа әкімін таныстырды.

Президент Әкімшілігі Басшысының айтуынша, Асхат Шахаровтың жауапты басшылық қызметтерде мол тәжірибесі бар. Ол әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе және Зеленов аудандарының, Ақтөбе қаласының әкімі болды. Олжас Бектенов еліміздің ірі өндірістік аймағы саналатын облысты дамытуға зор үлес қосқаны үшін Ералы Тоғжановқа алғыс айтты. Бұдан бөлек, Президент Әкімшілігінің Басшысы жергілікті билік органдарының өкілдері азаматтармен жан-жақты байланыс орнатуы қажет екенін атап өтті. Жиын соңында Асхат Шахаровқа Ақтөбе облысының әкімі лауазымындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.