Жолдау-2023: шетелдік сарапшылар пікірі

Қ. Тоқаев ел экономикасын дамыту жолында утопиялық ұзақмерзімді мақсаттан гөрі прагматикалық бағытты таңдады.

Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар докторы Виктория Кларк осылай дейді. Шетелдік сарапшы the Geopolitics басылымына жазған мақаласында Қазақстан Президентінің 1 қыркүйектегі Жолдауына жіті тоқталып, өз бағасын береді. Автордың айтуынша, негізгі басымдық өнеркәсіптік базаны қалыптастыруға, шағын және орта бизнесті қолдау мен жасыл экономиканы жетілдіруге берілген және мұндай шешім елдің аймақтық ықпалын арттырып, өзге мемлекеттерге үлгі болады.

Өз кезегінде Италияның Il Giornale газеті де Қазақстанның цифрлық болашағына қатысты баға берді. Мақала авторы еліміздің электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша Бельгия мен Венгрия секілді елдерден көш ілгері тұрғанын сөз етіп, кейінгі 3 жылда бұл салаларда да айтарлықтай жетістікке жеткеніне ерекше тоқталады. Әсіресе мұғалімдердің жалақысы 2 есе ұлғайғанын, дәрігерлердің табысы артып, медициналық инфрақұрылымның біршама дамыған атап өтті. Бұдан бөлек, еліміздің жасыл энергия саласына да көңіл бөліп, оны арттыру жағына басымдық беріліп жатқанын жазған.