Мемлекет басшысы Берлинде Шри-Ланка президентімен кездесті

Қазақстан мен Шри-Ланка арасындағы сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі жандандыру үшін үкіметтер деңгейінде пәрменді шаралар қабылдау қажет.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесуде айтты. Мемлекет басшысы екі ел арасында өзара қолдауға және мазмұнды саяси диалогқа негізделген берік серіктестік қатынас орнағанын атап өтті. Виза режиміне қатысты шарттарды жеңілдету және екі ел арасында тікелей әрі тұрақты әуе рейстерін ашу маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ Шри-Ланка Президентін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.