Қ. Тоқаев Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ойлер Гермес агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шёнені қабылдады.
Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, соның ішінде қаржылық сақтандыру саласында бірлескен жобаларды әзірлеу, тәжірибе алмасу және оқу бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан даму банкі мен Helaba банкі арасында Қаржылық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны жөнінде мәлімет берілді. Аталған келісімге сәйкес AltynAlmas Reagents компаниясының цианид натрий өндіретін химиялық зауытының құрылысына 100 миллион еуроға дейін қаржы бөлу қарастырылған.