Қ. Тоқаев Linde GmbH компаниясының аға вице-президентін қабылдады
Әлем нарығындағы тағы бір алпауыт компаниямен ынтымақтастық орнату мәселесі талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Linde GmbH компаниясының аға вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» бен Linde GmbH арасындағы меморандумға қол қойылуын құптады. Бұл келісім арқылы бірнеше жоба іске асады. Әңгімелесу барысында Оливер Пфанн Президентке қуаты карбамид өндірісіне қатысты жобаға бірлесе инвестиция салуға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Сондай-ақ ұзақмерзімді әрі табысты ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді. Компания машина жасау, өнеркәсіп газдарын жобалау және өндірумен айналысады. Былтыр жылдық айналымы 33 миллиард еуродан асты.