Қ. Тоқаев ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесусты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесусты және ұйымның Еуропадағы өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгені қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысы еліміз ең маңызды ұйымның бірі саналатын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен халықаралық деңгейде нәтижелі қарым-қатынас жасап отырғанын атап өтті. Қазақстан - БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге, соның ішінде халықты денсаулық сақтау қызметімен толық қамтуға, ана мен бала өлімінің деңгейін төмендетуге ниетті деді Президент. Сондай-ақ Қазақстан ДДҰ жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан бастамаларға толық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.