Оралдағы зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықта заң жобасы талқыланды

Биыл әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заң нормаларына тиісті өзгерістер енгізілмек.

Заң жобасы қазір үкіметтік сараптамадан өтуде. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева Орал қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталыққа барып, осы заң жобасы жөнінде мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. 2015 жылы ашылған дағдарыс орталығы былтыр 100 адамды қабылдапты. Оның 35-і күйеуінен зәбір көрген әйелдер болса, 65-і кәмелетке толмағандар екен. Барар жер, басар тауы жоқ нәзік жандар мұнда жарты жылға дейін тұра алады. Осы мерзімде олар заңгерлер мен психологтардың, өзге де мамандардың жәрдеміне жүгінеді.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Азамат егер де зорлық көрсетсе семьясына, «защитное предписание» дейміз, өзінің семьясына жақындамау керек, бөлек шығу керек, егер де тұратын орны болса, басқа үйі болса. Қазіргі талқылауда бұл норманы алып тастау, бар ма, жоқ па үйі, бірнеше күнге өз семьясынан аулақ болу керек. Екінші мәселе, егер зорлық-зомбылық жасаған кісі тәртіпке келмесе онда міндетті түрде психологтың сабақтарына жұмыстану керек деген норма бар. Міне осындай нормалар талқылауда.