Қазақстан мен Дүниежүзілік банк бірлесіп 48 жобаны жүзеге асырған
30 жылда Қазақстан мен Дүниежүзілік банк 48 бірлескен жобаны жүзеге асырды.
Оның жалпы сомасы 8 млрд доллардан асады. Бұл туралы Әлихан Смайылов пен Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесуінде айтылды. Қазіргі таңда тараптар 6 жобамен айналысып жатыр. Бәрі еліміздегі реформаларды қолдауға бағытталған. Әлихан Смайылов Үкіметтің Дүниежүзілік банкпен серіктестікті әрі қарай нығайтуға ниетін жеткізді. Ал Татьяна Проскурякова өз кезегінде Қазақстанның өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлі нығая түсетініне сенім білдірді.