Премьер-министр лауазымына Олжас Бектенов ұсынылды
Amanat партиясы Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды. Айта кетейік, Олжас Бектенов Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарады.