Қазақстан өзге елдерге электронды үкіметті үйретеді
Қазақстандық мамандар Орталық Азия елдерінен келген мемлекеттік қызметкерлерге Электрондық үкіметті үйретті.
Еліміздегі халықаралық даму агенттігі "Достық – Цифрландыру" бағдарламасын ұйымдастырған.
Дәріс сағаттарында Қырғызстан мен Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстаннан келген тыңдаушылар “EGOV” порталының тәжірибесін зерттейді.
Мемлекеттік қызмет түрлерін оңтайландырып, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға бағытталған семинар 5 күнге жалғасады. Оқытушылар қатарындағы отандық мамандардан бөлек Сингапур мемлекеттік қызмет колледжінің профессоры да тәжірибесімен бөліседі.
Бахром Мансуров, семинарға қатысуша (Душанбе):
- Тәжікстан Республикасында қазір Электронды Үкімет бағдарламасын енгізу жұмыстары өте белсенді. Екі жыл ішінде Цифрлық басқару жүйесіне толықтай көшу туралы Президенттің жарлығы бар. Сондықтан мен бірінші кезекте электрондық үкімет қызметінің қыр-сырын үйретуді өтіндім.