Мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгерістер енгізілді
«Айбын» орденінің бірінші, екінші және үшінші дәрежелеріне
Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдері беріледі. «Мемлекеттік наградалар туралы» заңға енгізілген өзгерістерді сенаторлар мақұлдады. Парламент депутаттары бастамашылық еткен құжат даңқты батырларымыздың жауынгерлік ерлігін мәңгі есте қалдыруды көздейді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Мақұлданған заң Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес әзірленді. Президентіміз Айбын орданінің түрлі дәрежесіне халқымыздың даңқты батырларының есімдерін беруді ұсынған еді. Бұл шешім осы марапаттың мазмұнын байытып, көрнекті тарихи тұлғаларды дәріптеуге жақсы мүмкіндік берері сөзсіз. Сондай-ақ жастардың әскери-патриоттық рухын көтеруге және отаншылдыққа тәрбиелеуге септігін тигізеді деп сенеміз.