Қ. Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты қатаң айыптады
Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.
Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды. Президент тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Словакия Премьер-министріне қастандық жасалды
Айта кетейік, оқыс оқиға Гандлова қаласында болды. Саясаткер үкімет отырысынан кейін тұрғындар алдына шыққан кезде белгісіз біреу оған қарумен шабуылдаған. Қолда бар мәлімет бойынша үкімет басшысы екі оқ жарақатын алған. Бірі Фицоның кеудесіне, екіншісі ішіне тиген. Қазір Премьер-министр ауруханада. Оның қандай жағдайда екені белгісіз. Ал қастандық жасаған адам қамауда.