Қазақстан мен Германия қарым-қатынасы қалай өрбиді? LIVE

  1. Жалпы Германия Федералдық канцлерінің бұл сапары Германия мен тұтас Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
  2. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда-саттықты одан әрі жандандыра түсу үшін «Орта дәлізді» Трансеуропа көлік желісі және Еуропа Одағының «Жаһан қақпасы» бастамасымен ұштастыру туралы айтылды. Қазақстанның бұл логистикада ұтатыны не? Қандай пайдасы бар бізге?
  3. Елімізбен ынтымақтастығына ойыссақ, «Қазтрансойл» Германияға «Дружба» арқылы 1,3 миллион тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр. Ресми Берлин бұл сандарды кемінде 2 миллион тоннаға жеткізгісі келеді. Жалпы мұнай жеткізу көлемінің ұлғаюы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті қалай нығайтады және бұл өзгерістер Қазақстан экономикасына қалай әсер етуі мүмкін?
  4. Кешегі келіссөздер қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Федералдық канцлер Олаф Шольц Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларация қабылдады. Бұл құжаттың қандай маңызы бар? Саудада ше?
  5. Бизнес-форум аясында төмендегідей қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті. Әр сала қамтылған: логистика, ауыл шаруашылығы, банк жүйесі, т.с.с. Соның ішінде біз үшін дәл қазіргі өзектісі қайсысы?

Спикер: Жан Көшербаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика факультетінің доценті