Президент сарбазды соққыға жыққандарды шұғыл жауапқа тартуды тапсырды
Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты.
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жазды. Сондай-ақ әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады, делінген жазбада. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын, деп жазды Президент кеңесшісі.