Әлемдегі ең жоғары жалақы алатын мемлекет басшыларының тізімі жасалды
Сингапур премьер-министрі ең жоғары жалақы алатын әлем басшысы деп танылды.
Тиісті рейтингті Forbes журналы жасаған. Дереккөздердің хабарлауынша, Лоуренс Вонг жылына 1 млн 700 мың доллар алады. Алғашқы бестікке сондай-ақ Швейцария президенті, Австралия премьер-министрі, Ақ Үй басшысы және Австрия канцлері кірді. Ең аз жалақы алатын басшылар қатарында Эфиопия премьер-министрі, Нигерия президенті мен Моңғолияның үкімет басшысы бар. Олардың жылдық табысы 4 мың долларға да жетпейтін болып шықты.