Қ.Тоқаев пен С.Бердімұхамедов шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Тараптар екі ел арасындағы достық қатынасқа қарқын қосуға бейіл екенін жеткізді. Қазақ басшысы санқырлы ынтымақтастықты нығайтуда мұндай жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті. "Түрікменстан – біз үшін туысқан ел әрі стратегиялық серіктес. Қазақстан – сіздің еліңізбен энергетика, көлік, логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастыққа қатысты барлық мәселе бойынша сенімді одақтас" деді ол. Ал Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның бауырлас Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті жан-жақты өркендетуге бейіл екенін растады.