Қазақстанға ресми сапармен Армения президенті келеді

Мемлекет басшысының шақыруымен Армения Президенті Ваагн Хачатурян 15 қазанда елімізге ресми сапармен келеді.

Маңызды келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.