Франциядағы сараптама орталығы Қазақстан туралы баяндама жариялады

Францияның ең беделді сараптамалық орталықтарының бірі – Шуазель институты Қазақстан туралы баяндамасын жариялады.

Тәуелсіз сарапшылар өз жұмысын француз бизнесмендері, саясаткерлері және түрлі құрылымдардың өкілдерімен арнайы кездесуде таныстырды. Қазақстандық дипломаттар ұйымдастырған шараға еліміздің өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қатысты. Құжатта Қазақстан әлемдегі ықпалының өсу динамикасы белсенді орта держава (middle power) ретінде сипатталады. Баяндама авторлары елдің саяси және экономикалық өміріндегі эволюциялық өзгерістер оны жоғары әлемді стандарттарға жақындатқанын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан аймақтағы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін алғашқы елдің қатарында деді. Жиында француз бизнесінің өкілдеріне елге келетін шетелдік инвесторлар үшін жасалатын жағдайлар туралы баяндалды.  

Пьер Верлик, Institut Choiseul аналитикалық орталығы президентінің кеңесшісі:

- Геостратегиялық деңгейде біз бұл баяндамада көрсеткіміз келгені Қазақстандағы жаңа кезең, жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси динамика болды. Олар инвесторларды тартып, француз компанияларының қызығушылығын оятады. Франция мен Қазақстанның қарым-қатынастары өте бай екені белгілі. Соңғы бірнеше жылда біз жаңа динамика, жаңа импульс байқаймыз, ол француз экономикасының субъектілерін қызықтырады. 

Джиен Абделлилла, DJihene Academie ассоциациясының жетекшісі:

- Мен сапарым барысында Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан өте ашық ел және болашақ экономикалық қуат екенін түсіндім. Бұл Қазақстанмен көпжақты серіктестікті жоспарлауға мүмкіндік береді. 

Ноэль Зиерски – халықаралық сауда желілерінің консультанты:

- Мен әлі Қазақстан нарығын зерттеген жоқпын, бірақ оған өте қызықтым. Өйткені сіздің мемлекетіңіз дамуды қалайтын белсенді халқы бар Еуропа мен Франция үшін стратегиялық серіктес ел. Стратегиялық торап, маңызды көлік дәлізі әрі үлкен нарық. Менің ойымша, азық-түлік өнімдерін өндіру және сату тұрғысынан француз компаниялары үшін бұл өте тартымды.