Сербия азаматтары «Достық» орденімен наградталды
Қазақстан президентінің Белградқа ресми сапары аясында Сербия азаматтары Лазар Коич пен Драгомир Каричті марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Олар Қазақстанға сіңірген еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталды. Жоғары марапатты Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин табыстады.
Айта кетейік, Лазар Коичтің жұмысының арқасында елде Қазақстан мен Сербияның бірлескен 18 жүгері гибриді құрылды. Ал Драгомир Карич екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға және екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға үлес қосты.