Қазақстан мен Ресей президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы Қазақстанға сапармен келуге шақыруын қабыл алғаны үшін көрші елдің басшысына алғыс білдірді. "Бүгін өте маңызды құжаттарды қабылдаймыз. Бұл 20 келісімнен тұратын құжаттар біздің тату көршілік және серіктестік рухындағы ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін береді" деді Президент. Владимир Путин екі жақты байланыстардың қарқынын жоғары бағалап, мемлекеттік сапарының мән-маңызына тоқталды.