Қазақстан дінаралық диалогты халықаралық деңгейде дәріптеп келеді
Еліміз дінаралық диалогты халықаралық деңгейде дәріптеп келеді.
Португалияда өткен БҰҰ-ның жаһандық конференциясында Сенат төрағасы осылай деді. Мәулен Әшімбаев киелі діни нысандар адамзат менталитетін, этикасын, өткенін тануға қажетті маңызды рухани және тарихи-мәдени мұра екенін атап өтті. Одан бөлек Қазақстанда конфессияаралық бейбітшілік пен бірлікті сақтау, діни нысандарды қорғау жолында атқарылып жатқан жұмыстарға және Парламенттің осы бағытта заң шығару қызметіне тоқталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Қазақстанда 100-ден астам этникалық топ тұрады. 18 конфессияның 4 мыңға жуық діни бірлестігі бар. 4 мыңға жуық діни нысан қызмет көрсетеді. Біз осындай әралуандықты бағалаймыз және діни нысандарды қорғау үшін құқықтық базамызды үнемі жетілдіріп отырамыз. Сонымен қатар Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізу арқылы дінаралық диалогты халықаралық деңгейде белсенді түрде дәріптеп келеді.