Тоқаев пен Путин ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бейнебайланыс арқылы ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі.
Қазақстан Президенті 20 жыл ішінде бұл шараның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтатын тиімді алаңға айналғанын атап өтті. Елге Ресейден келетін тікелей инвестиция көлемі 25 млрд долларға жуықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл Еуразия кеңістігіндегі көлік-логистика құрылымын нығайтуды тағы бір басым бағыт ретінде атады. Мұның Қазақстан мен Ресей үшін стратегиялық мәні зор. "Еліміз 2030 жылға дейін 11 мың шақырым жолды жөндеп, 5 мың шақырымнан асатын жаңа темір жол салуды жоспарлап отыр" деді Президент.