Олжас Бектенов NU жанындағы технопарк жобаларымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов NU және «Назарбаев Қоры» Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді.

Жиында оқу орнының нәтижелері мен одан әрі даму жоспарлары қаралды. NU президенті Вакар Ахмад университет Орталық Азия аймағындағы жетекші жоғары білім беру, зерттеу және инновация мекемелерінің біріне айналғанын айтты. 2011 жылдан бастап 360-қа жуық ғылыми жоба, 9 мыңнан астам жарияланым, 500-ден астам стартап ұсынылды. Ал түлектердің шамамен 95%-ы жұмысқа орналасқан. Университет жанындағы технопаркте Премьер-министр Олжас Бектенов денсаулық сақтау, жасанды интеллект, тау-кен металлургия салаларындағы озық ғылыми әзірлемелермен танысты. Премьер-министрге ауданы 3 мың шаршы метр технопарк аумағында 32 қазақстандық компания жұмыс істейтіні, олардың өнімдерін коммерцияландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Университет ТМД елдері арасында үздік 2 және әлемдегі үздік 300 оқу орнының қатарына кіру мақсатында жоспар құрып жатыр.

Шыңғыс Дәулетбаев, стартап компания директоры:

- Инсульттан зақым алған және серебралды параллич адамдарға арналған экзоскелет. Технологиямызды коммерциалауға жоспарлап отырмыз. Біздің елде техникалық мамандарға сұраныс жоғары. Көптеген гранттар, қаржы бөлінуде осы мамандықтарға.

Сейітжан Сыпабеков, кәсіпорын басшысы:

- Біз коронарлық стендтер шығарамыз. Үш жылдың ішінде клин румс деген бөлмелер жасап, осы технопарк ішінде фабрикамызды іске қостық. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 27 клиникамен жұмыс істеудеміз, келесі жылы 40-тан астам жоспарлап отырмыз.