Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісі фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесу өткізді. Жиын барысында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай аясындағы бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қолдау көрсеткені үшін партиялардың фракцияларына алғыс айтты.

Атыраудағы Құрылтайда айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін 9 заң қабылданды. Мемлекеттік кеңесші аталған заңдар ішкі саясатқа байланысты жұмыстың тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының «Ana tili» газетінде жарық көрген сұхбатында айқындаған ішкі саясат саласындағы биылғы жұмыстың бағыт-бағдары туралы пікір алмасты.