Қ. Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Ол жеделхатта «Болу провинциясындағы тау шаңғысының орталығында болған өрттен, көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын» жеткізді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, жалпы түрік халқына көңіл айтты. Зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.