Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Президент бауырлас халықтың Ұлт көшбасшысын Түрікменстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Сондай-ақ Ашхабадтың бейбітшілік пен бітімгерлікке үндеген бастамасының  маңызын атап өтіп, оны табысты жүзеге асыру үшін Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Гурбангулы Бердімұхамедов Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының аясында өңірлік және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған Түрікменстан тұжырымдамасының негізгі басымдықтары жөнінде мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қазақ-түрікмен қатынастарының деңгейі жоғары екеніне назар аударып, энергетика, көлік-транзит, мәдени-гуманитарлық салалардағы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын егжей-тегжейлі қарастырды.