28 қаңтарда Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

28 қаңтар күні Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды 24kz.

Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады. Сонымен қатар Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.