Қазақстан мен Еуроодақ қатынасы қарқын алады
Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы әріптестік байланыс беки түседі, деп хабарлайды 24KZ. Елімізге арнайы келген Еуропалық Одақтың санкциялар бойынша халықаралық елшісі Дэвид О'Салливан арадағы ынтымақтастыққа оң баға беріп, қатынасқа қарқын қосуға ниетті екенін жеткізді. Ол Одақ Қазақстанның негізгі әрі басты инвестициялық сенімді серіктесі екеніне тоқталды. Оған қос тараптың сауда айналымындағы серпіліс себеп. 2023 жылы арадағы алыс-беріс 42 млрд еуроны құраған.
Дэвид О’Салливан, Еуроодақтың санкциялар бойынша арнаулы өкілі:
- Біз Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз. Қазақстан бірлестікке мүше мемлекеттермен алыс-берісті арттырып, арадағы инвестиция көлемін көбейтуге ынталы екенін айтқым келеді. Біз санкцияға қосылмаған Қазақстанның ұстанымына құрметпен қараймыз.