«АMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы мен "Жастар Рухы" жастар қанатының 500-ден астам белсендісі үгіт-насихат материалдарын таратуға кірісті. Қазір үгіт-насихат жұмысы Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарында жүргізіліп жатыр. Кеше партия "Халықпен бірге!" атты сайлауалды бағдарламасын жариялаған болатын. Жалпы, партияның штаб құрамына 486 белсенді кірген. Өңірлік және аумақтық 226 сайлауалды штабқа жеті жарым мыңға жуық адам жұмылдырылады. Айта кетейік, «АMANAT» партиясы барлық деңгейдегі мәслихаттарға 3 821, Мәжіліске 119 кандидат ұсынды.