Нақтырақ айтқанда, кезектен тыс президенттік сайлау өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жариялады. Тағы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттілік мерзімін 7 жылға ұзартып, қайта сайлану құқығын алып тастауды да ұсынды. Бұл бастаманы халық қалай қабылдады? Бірге білейік. - Қолдаймын. Дұрыс. Түсіндіріп айтты ғой. 7 жылда үлкен шаруа тындыруға болады. - Мен ойлаймын бірден 7 жылға сайланса жақсы болады. - Дұрыс қой енді. Халықты басқаратын адам 7 жылға дейін өзінікін көрсету керек. Жұмысын, халықтың дамығанын, 7 жыл істей алмады ма, пожалуйста иди домой дегендей ғой. - 7 жылда бір рет сайлаған дұрыс қой. - Негізі бір-ақ рет сайлану керек қой 7 жыл. Президенттің уақыты біткен соң келесі президент уақытында келу керек. Сол дұрыс болады. - Балалардың есеп шотына 18 жасқа дейін қаражат салыну деген өте жақсы көмек болады. Ата-аналарға, семьяларға жастардың өздеріне болашақтарына. Өйткен мектеп бітірген соң бала өзі бизнес аша ма, немесе ары қарай қаражатты көбейтіп баспана ала ма. Өте жақсы жағдай. - Жалпы балаларға келетін болсақ, енді болашағымыз балалар ғой. Балалардың бастамалары өте ұнады. - Пенсия қосатыны ұнады. Әйелдердің жасын қысқартқаны ұнады.