Алматыда «Тоқаевтың реформалары үшін» атты жалпыреспубликалық қоғамдық қозғалыс құрылды. Оны құру жөніндегі бастаманы белгілі қоғам және саяси қайтаркерлер, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым мен бизнес қауымдастық өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері көтерді. Олардың қатарында Мереке Құлкенов, Райымбек Баталов, Марат Шибұтов, Назгүл Қарабалина сынды белгілі азаматтар бар. Бірлестікті құрудың басты идеясы мемлекет басшысының реформаларын қолдау мен іске асыруға атсалысу. «Экономиканы нығайтуға, халық тұрмысын жақсартуға, басқару жүйесін жетілдіруге, қоғамдық ой-сананы өзгертуге реформа керек. Тоқаев реформасы ең алдымен ел еңсесін тіктеп, демократиялық өзгерістердің болуын көздейді»,-дейді қозғалыс мүшелері. Және олар Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған реформаларды қолдауға байланысты өз үндеуін жариялады. Мереке Құлкенов, жазушы: - Үлкен жаңалықтар енгізіліп жатыр. Мысалға, мынандай жаңалық бар. Коррупционер бар ғой сыбайлас жемқорлыққа ұсталған адамнан өндірілген ақшасын енді мектеп салуға жұмсайды. Жақсы емес пе? Міне осындай нәрселер көп. Сонымен бірге жеті жылға сайлау деген бұрын-соңды болмаған. Яғни енді ұзақ мерзімге отыра алмайды президент. Бар болғаны жеті-ақ жылға сайланады. Бұл да жақсы емес па? Неге біз оны қолдамасқа. Білім беру саласына үлкен өзгерістер жасалып жатыр. Әрбір баланың ертең 18-ге толғанша қоры болатын жағдай жасалып жатыр. Бұның барлығы біз үшін үлкен өзгеріс деп ойлаймыз.