Бірнеше саммитке қатысып, Қазақстанға келетін жоғары лауазымды қонақтармен кездеседі, деп хабарлайды «Хабар 24». Мемлекет басшысының алдағы жұмыс жоспары ауқымды. Жалпы тамыз-қыркүйек айларында Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік деңгейдегі 10 саммит пен форумға, оның үшеуіне офлайн, жетеуіне онлайн режимде қатысты. 2 мемлекетке сапармен барды және 7 елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Сонымен қатар 12 шетелдік делегацияны қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеді. Кейінгі айларда Қазақстанның сыртқы саяси белсенділігі едәуір артты. «Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыт бойынша сыртқы саяси аренадағы ықпалдастықты нығайтуға күш салып келеді. Әсіресе, халықаралық байланыстардың географиясын кеңейтуге баса көңіл бөлінуде», - деді Берік Уәли.