Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленіске қатысты мәлімдеме жасады. Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы ахуалға терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырды. «Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді», делінген ресми сайттағы жазбада.