Сағатына 60 шақырым жылдамдық. Бұл қала ішінде көліктерге рұқсат етілген жылдамдық мөлшері. Аталған межені асырып жіберіп, жол ережесін бұзсаңыз, сізді көше бойына қойылған жаңа қондырғы тіркеуге алады. Астана қаласында жол көліктерінің жылдамдығын бақылайтын 70-ке жуық Red Speed қондырғысына қоса, 21 «Вокорд-Циклоп» аппараттық-бағдарламалық кешендері қолданысқа берілді. Тәртіпсіздікті тіркейтін бұл аппараттар алғашында сынақ ретінде енгізілгенімен, 25 ақпанан бастап ресми түрде пайдалануға берілді. Бұл жылдамдық өлшеуіштерді Ішкі істер департаменті мен «Астана Innovations» АҚ енгізді. Құрылғы сапасы қандай? Өзге аппараттардан айырмашылығы неде? Ол қаланың қай жерлеріне орналастырылған? Ақпараттар қайда және қалай түседі? Жолды үнемі назарда ұстайтын қондырғы жайлы бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.