Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен болған әңгіме жайында твиттерде пікір білдірді. «Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.