Қазақстанда әлі күнге дейін Кеңес үкімет кезінде жасалған 1942 жылғы мемлекеттік координаттар жүйесі пайдаланылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Осының әсерінен елде ғимараттар мен тұрғын үйлер, жолдар мен көпірлер салу кезінде бірқатар қиындық туындайды. Өйткені ескі координат дәлдігін жоғалтқан, өлшеу тиімділігі талапқа сай емес. Бұл туралы Сенат отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Ведомства басшысы геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын ұсынды. Депутаттар дауысқа салу нәтижесінде заңды бірінші оқылымда мақұлдады.