Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Философия және психология ғылымдарының докторы. 1989-1995 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары болып жұмыс істеген. 1995-1997 жылдары – Алматы облысы Іле ауданы №12 орта мектебінің директоры. 1997-2000 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғылыми хатшысы, кеңесшісі. 2000-2001 жылдары Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарған. 2001-2006 жылдары «Халықаралық қосымша кәсіби білім беру орталығы» ЖШС директоры болып жұмыс істеген. 2006-2007 жылдары – Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледжінің директоры. 2007-2020 жылдары – «Edtech-kz» халықаралық білім беру орталығының бас директоры. 2020 жылы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалған. 2020-2022 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті. 2022 жылғы наурыз бен тамыз айлары аралығында – білім және ғылым вице-министрі. 2022 жылғы тамыздан бастап – оқу-ағарту вице-министрі. ҚР Президентінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы Жарлығымен ҚР оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. 2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды. 2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.