Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Үндістанның Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхимен кездесті. Кездесу басында тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты жылы лебіздерін білдірді. Тараптар Қазақстан-Үндістан екіжақты қатынастарының барлық өзекті мәселелерін талқылап, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты. Кездесу нәтижесінде тараптар «Орталық Азия - Үндістан» алғашқы саммиті барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жуық арада жүзеге асыру қажеттігі туралы ортақ түсіністікке келді.