Cайлауға қатысты тұрғындардың пікірі қандай? Жұрт саяси науқан жайында не біледі? Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан елордалықтардың пікірін тыңдап көрейік. БЛИЦ: - Негізі бару керек. Сондай үлкен шара болып жатыр. Мен қатысамын. Наурыздың 19-ы барамын, қатысамын. - Депутатымды сайлаймын ғой. Халықтың сенімін ақтайды деген үміт бар. Солар үшін барамыз. Бәріміз баруымыз керек. Ең бастысы ниет болу керек. - Жаңа кісілер келсін мәслихат пен Мәжіліске. Сондай бір өзгеріс болатын шығар деп ойлаймын. Алға, Қазақстан. - Барамын. Ұнайтын депутаттарға дауыс беремін. - Менің ойымша, әр адамның таңдауы болу керек. Сондықтан дауыс беруге барған дұрыс. Бұл әр адамның азаматтық құқығы және міндеті.