ХХ ғасыр жаңа қалалардың бой көтеруімен ерекшеленді. Олардың қатарында Бразилия, Канберра, Нью-Дели шаһарлары бар. Бұл үрдіс жаңа мыңжылдықта да жалғасын тапты. Заманауи мегаполистер әлемнің әр түкпірінде пайда болады. Қалалардың қалыптасуына экология, бизнес, сәулет өнері аса қажет. Оның дамуы мұнымен шектелмейді. Өзге де шарттары жетерлік. Қазіргі заманғы мегаполис қандай талаптарға сай келуі керек? Осы мәселе Астана экономикалық форумында талқыланады. Оған қала құрылысы саласындағы жетекші сарапшылар жауап бермек. Құрметті меймандардың қатарында әлемге әйгілі сәулетші Азиза Чауни бар. Ол Мароккодағы Фес қаласының тарихи бөлігін қайта құруға қатысып, өз жобаларымен танымал болған.