Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола алды
![Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола алды](/media/k2/items/cache/461d206e5271a0d84e1d907e307e07f4_XL.jpg?t=20240309_051638)
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы су добынан қола жүлдегер атанды.
Жігіттеріміз Қытай командасымен кездесу өткізіп, 7:4 есебімен жеңіске жетті! Ұлттық құрама сапында Егор Белоусов, Нұрасыл Сәтберген мен Кирилл Пантелеев ерекше ойын өрнегімен көзге түсіп, қарсылас команда қақпасына бірнеше гол салды.