Азия чемпионаты: жалпы есепте бірінші орындамыз
![Азия чемпионаты: жалпы есепте бірінші орындамыз](/media/k2/items/cache/2935d3879b804cf4e7f56008866e5e6e_XL.jpg?t=20240507_050051)
Алтын алудан рекорд орнаттық.
Астанада бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. 22 жасқа дейінгілер бәсекесі қазақстандық қыз-жігіттер үшін сәтті өтті. Ұлттық құрама спортшылары бас-аяғы 24 медаль жеңіп алды. Оның 11-і алтын. Әсіресе қыздар арасындағы жарыста жерлестеріміз 6 мәрте Азия чемпионы атанып, өзіндік рекорд орнатты. Атап айтқанда, Аяжан Сыдық, Аяжан Ермек, Ұлдана Таубай, Шұғыла Нәлібай, Толғанай Қасымхан және Аружан Зейноллаевалар қарсылас шақ келтірмеді. Ал ұлдар арасындағы бәсекеде 6 спортшымыз топ жарды. Яғни Алексей Хаванцев, Төрехан Сабырхан, Өнер Сейілхан, Санжарәлі Бегалиев және Мадияр Бексұлтановтар барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Бұған қоса, қоржынымызда 4 күміс пен 9 қола бар. Осылайша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте қыздар арасында да, ұлдар арасында да бірінші орын алып, жарыс алдындағы жоспарды ойдағыдай орындады.