Дзюдодан ӘЧ: екі қазақстандық үшінші айналымға шықты
Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды 24KZ.
Елдос алғашқы кездесуінде вьетнамдық, артынша оңтүстіккореялық спортшылардан айласын асырса, Әбиба түркиялық Сыла Ерсінді қапы қалдырды. Ал Ғалия Тыныбаева, өкінішке қарай, жарыстың екінші айналымында сүрінді. Сәлден соң жеңіл салмақта өнер көрсететін отандастарымыз Нұрқанат Серікбаев пен Жанарыс Рахметқали бозкілемге шығады.
Айта кетейік, Абу-Дабиде өтіп жатқан дүбірлі додаға әлемнің 107 елінен 700-ден астам спортшы қатысып жатыр.